Есірткі өндірумен және сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

Есірткі өндірумен және сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2024 11:53 Сурет: YouTube/mvdkontent
ҚР ІІМ бүгін, 2024 жылғы 21 қарашада синтетикалық есірткі өндірген және өткізген ұйымдасқан қылмыстық топтың таратылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірханның айтуынша, ірі қалалар аумағында синтетикалық есірткілерді дайындап, оны өткізуге қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды.

"Астана мен Алматыда жоспарлы іс-шаралардың нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесі ұсталды. Күдіктілер ұзақ уақыт бойы психотроптық заттарды сатумен, прекурсорлар мен зертханалық жабдықтарды жеткізумен, есірткі зертханаларын салу үшін объектілерді дайындаумен айналысқан",- деп мәлімдеді ресми өкіл.

Ұстау барысында үш есірткі зертханасы, екі интернет-есірткі дүкені жойылды, 1 тонна 750 литр химиялық компонент, оның ішінде өткізуге дайын 30 кг "мефедрон" және "альфа-pvp" есірткілері тәркіленді.

"Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда",- деді Данияр Мейірхан.

Бұған дейін Ақтөбеде бір айда 6 ұрлық жасаған күдікті ұсталғаны хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: