Қазақстанда 32 достық үйі бар

Наурыз, празднование Наурыза, праздник Наурыз, празднование Наурыза в Астане, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2025 09:56 Фото: Zakon.kz
Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл. Татулық пен келісімнің символына айналған ұйым 32 достық үйінде бір шаңырақ астында бірлікті бекемдеу бағытында жұмыс істеп жатыр.

Достық үйлері Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен барлық облыс орталығында ашылған. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында аудандық филиалдар да жұмыс істеп тұр.

Ең көбі – Шығыс Қазақстанда. Өңірдегі Алтай, Глубокое, Қатонқарағай, Үлкен-Нарын, Шемонаиха елдімекендерінде, ал Абай облысында Бородулиха, Жарма және Бесқарағай аудандарында орналасқан, деп жазады qazaqstan.tv.

Одан бөлек, дінге, тілге бөлінбей, достықты ту етіп, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтуды көздейтін шаңырақ 4 қалада – Екібастұз, Риддер, Курчатов, Сәтбаев шаһарларында ашылған.

Осылайша еліміз бойынша қазір 1 республикалық, 18 облыстық, 4 қалалық және 9 аудандық достық үйі жұмыс істеп тұр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: