Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достық аллеясы ашылды

Мәңгілік достық аллеясы, Астана, Аида Балаева, Ресей, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2025 18:27 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
2025 жылдың 28 мамырында Астана қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы тарихи және мәдени байланыстардың, одақтастық пен тату көршіліктің символына айналған Мәңгілік достық аллеясының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа мәдени нысан – екі ел арасындағы көпжылдық ынтымақтастық пен сенімнің, сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин арасындағы достық қарым-қатынас пен өзара құрметтің жемісі.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Аллеяның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Ресей Федерациясының Мәдениет министрі Ольга Любимова бастаған ресейлік делегация қатысты.

Іс-шара барысында Аида Балаева екі ел арасындағы қарым-қатынаста мәдени ынтымақтастықтың орны ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, қос тарап бірлескен көрмелер ұйымдастырып, шығармашылық ұжымдардың гастрольдерін, кинофестивальдер өткізуде, сондай-ақ Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кіші комиссия жемісті жұмыс істеп келеді.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Соңғы жылдардағы маңызды оқиғалар қатарында – екі елдің мәдени күндерін, Қазақстанда "Орыс маусымдары" мәдени-гуманитарлық жобасын және "Ауқымды гастрольдер" бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді.

"Мәдениет әрқашан халықтарды жақындастыратын көпір болып келеді. Өнер, тіл, дәстүр мен музыка арқылы біз бір-бірімізді тереңірек танимыз, ерекшелігімізді түсінуге әрі құрметтеуге үйренеміз, ортақ құндылықтарды табамыз. Сондықтан да Мәңгілік достық аллеясы – халықтарымыздың рухани бірлігінің, ортақ тарих пен келешекке бағытталған ынтымақтастықтың айқын белгісі. Бұл орын болашақта бірлескен мәдени жобалар жүзеге асатын, суретшілер, музыканттар, актерлер, тарихшылар мен жас таланттар бас қосатын алаңға айналарына сенемін. Аллея – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар сенім мен құрмет, ортақ құндылықтарды сақтау қажеттігін еске салып тұратын символ", – деді Аида Балаева.

Ресей Мәдениет министрі Ольга Любимова екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

"Достық аллеясын ашу құрметі екі елдің мәдениет министрлігіне беріліп отыр. Мәдени байланыстар, ортақ құндылықтар мен тарих – халықтар достығының берік тірегі екені сөзсіз", – деп атап өтті Ольга Любимова.

Аида Балаева, Астана, кездесу, Ольга Любимова, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2025 18:27

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар "Мәдени диалог: Қазақстан – Ресей" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған қос елдің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиын барысында театр өнері, музей ісі, кітапхана саласы, кинематография және мәдени білім беру бағыттарындағы бірлескен жобаларды дамыту перспективалары талқыланды.

Аталмыш мәдени іс-шаралар екі ел өнерпаздары қойған концертпен түйінделді. "Астана Опера" театрында Қазақстан мен Ресейдің мәдениет қайраткерлері, халықаралық байқаулардың лауреаттары, академиялық өнер жұлдыздары өнер көрсетті.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Астанада 29-30 мамыр күндері өңірдегі ең ірі іскерлік оқиғалардың бірі – Astana International Forum (AIF) 2025 өтетінін, соған байланысты елордада бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін жазғанбыз.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: