Астанада екі күн қатарынан бірқатар көше жабық болады

Астана, форум, Анадолы, Әлиев, Ақмешіт, көше жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2025 17:37 Сурет: Zakon.kz
Астанада 29-30 мамыр күндері өңірдегі ең ірі іскерлік оқиғалардың бірі – Astana International Forum (AIF) 2025 өтеді. Форумның өткізілуіне байланысты Астанада бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, форум әлемдік көшбасшылардың, сарапшылардың, инвесторлар мен бизнес өкілдерінің басын қосады.

"Әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 600 шетелдік қонақ қатысады деп күтіліп отыр. Олардың қатарында жетекші саясаткерлер, халықаралық ұйымдар мен корпорация басшылары, инвесторлар және ғылыми орта өкілдері бар", делінген әкімдік хабарламасында.

Форумның өткізілуіне байланысты Астанада бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Мына учаскелердегі жолдар жабылады:

  •  Анадолы көшесі (бір бағытымен) – Г.Әлиев көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін;
  •  Г.Әлиев көшесі (бір бағытымен) – Анадолы көшесінен Н. Балғымбаев көшесіне дейін;
  • Ақмешіт көшесінде ресми кортеж қозғалысы кезінде уақытша шектеулер қойылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысын ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлап алуға кеңес беріледі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында жол бойына уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады.

Сызба, Астана, форум, жол жабу, 29 мамыр, 30 мамыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2025 17:37

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

Бұған дейін Астанадағы Кенесары көшесінде бір-екі күнге көлік қозғалысына тыйым салынатынын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: