Америкалық сенатор мінберден 25 сағат бойы сөйледі

Америкалық сенатор-демократ Кори Букер мінберге шығып, 25 сағат 5 минут бойы сөйледі. , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2025 16:39 Сурет: pixabay
Америкалық сенатор-демократ Кори Букер мінберге шығып, 25 сағат 5 минут бойы сөйледі.

Тәуліктен астам уақытқа созылған мәлімдемесін ол президент Дональд Трамптың радикалдық іс-әрекеттеріне арнаған.

Ұзақ сөзінде Нью-Джерсиден сайланған халық қалаулысы Трамптың Илон Масктің қолымен әлеуметтік қамсыздандыру бөлімін жабуын, Канада мен Гренландияны аннексиялау ниетін және елді конституциялық дағдарысқа ұшыратуын қатаң сынады, деп жазады qazaqstan.tv.

Тағы бір айта кететін жайт – Букер трибунаға шығарда "физикалық жағдайым қанша мұрша берсе, сонша сөйлеймін" деп уәде еткен екен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: