Ақмола облысында қырыққа жуық ұрланған мал иеcіне қайтарылды

Ақмола облысында қырыққа жуық ұрланған мал иеcіне қайтарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2025 18:25 Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында мал ұрлығымен айналысқан төрт күдікті ұсталды. Сонымен қатар бір қылмыстық топтың қызметі әшкереленіп, олардың әрекеттері тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қабылданған шаралардың арқасында иелеріне ұрланған 39 ауыл шаруашылығы жануары қайтарылды, ал ауыл тұрғындарына 24,46 миллион теңге көлемінде материалдық залал өтелді.

Айта кетейік, 11-31 наурыз аралығында Ақмола облысында мал ұрлығының алдын алу және ашу мақсатында "Мал ұрлығы" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында полицейлер мал жаю саласындағы 686 бұзушылықты және жануарлар мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 314 фактісін анықтап, жолын кесті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: