Шымкентте жасөспірімдер мас күйінде пойыз вагонына жармасып, мінбек болған

Шымкент вокзалында жасөспірімдердің теміржол ережелерін өрескел бұзу дерегі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
"Атырау – Алматы" бағытындағы №42 жолаушылар пойызының жөнелтілуі кезінде үш жасөспірім мас күйінде соңғы вагонға жармасып мінуге әрекет жасаған.
Оқиғаны Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты вокзалдың кезекшісі дер кезінде байқап, бірден станция кезекшісі мен желілік полиция қызметкерлеріне хабар берген. Теміржол қызметкерлері мен полицияның жедел әрекетінің арқасында жасөспірімдер ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі таңда олардың жеке тұлғалары анықталып, оқиғаның мән-жайы зерттеліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Оқиға салдарынан пойыз бес минутқа кешігіп, құрам сағат 01:28-де қозғалысын қайта жалғастырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз