ІІМ: Үш айда республика бойынша 69 есірткі зертханасы анықталды
Сурет: polisia.kz
Үш айда республика бойынша 69 есірткі зертханасы жойылды. 18 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үш тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді.
Оның ішінде:
- 250 келі синтетика;
- 1 тонна 642 келі марихуана;
- 238 келі гашиш;
- 322 грамм героин.
"Жыл басынан бері 1 425 адам, оның ішінде 76 әйел, 23 жасөспірім және 9 шетел азаматы ұсталды. Есірткі қылмысын анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жалғасып жатыр", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript