Павлодар тұрғынын моншада ұрып өлтірген

Әлеуметтік желіде бірнеше ер адамның моншаға келушілерді сүйреп ұрып жатқаны түсірілген видео тарады. Зардап шеккендердің бірі басынан соққы алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кейінірек оқиғаның Павлодарда 1 сәуірде болғаны анықталды. Ер адам соққының салдарынан қайтыс болған.
Zakon.kz редакциясы түсінік алу үшін Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты.
"Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, соның салдарынан жәбірленушінің өліміне әкеп соқтыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция.
Ведомство қазіргі уақытта "қылмыстың барлық мән-жайы мен себебін объективті тексеруге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекетін" жүргізіп жатқанын атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript