Алматыда 5 мыңнан астам SIM картасы бар үш шетелдік ұсталды: ҚМА себебін айтты

Алматыда 5 мыңнан астам SIM картасы бар үш шетелдік ұсталды: ҚМА себебін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2025 09:49 Сурет: Telegram/afm_rk
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті үш шетелдік азаматты ұстап, жалға алған пәтерде тінту жүргізу барысында алты SIM-бокс анықтап, тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл құрылғылар алаяқтық схемаларда кең көлемде қоңыраулар жасау, хабарламалар жіберу және абоненттік нөмірлерді өзгерту үшін қолданылады.

Сондай-ақ, әртүрлі мобильді операторлардың 5 мыңнан астам SIM-картасы тәркіленді.

Аталған тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстык кодексінің 213-бабы 2-бөлігі бойынша – "ұялы байланыс абоненттік құрылғысының идентификациялық кодын заңсыз қолдану, абонентті сәйкестендіру құрылғысын заңсыз өзгерту және идентификациялық кодты өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату" қылмыстық іс тіркелді.

Күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды.

Олардың интернет-алаяқтыққа қатыстылығы тексерілуде.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: