Астанада алаяқ жоқ жиғазды сатқан

Қаскүнем танымал "OLX" интернет-платформасында жалған мәліметтер мен фотосуреттерді көрсете отырып, жоқ жиһазды сату туралы "фейк" хабарландыруларды орналастырған., сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2025 15:08 Сурет: pixabay
Қаскүнем танымал "OLX" интернет-платформасында жалған мәліметтер мен фотосуреттерді көрсете отырып, жоқ жиһазды сату туралы "фейк" хабарландыруларды орналастырған.

Мысалы, жәбірленушілердің бірі сотталғанның 50 мың теңгелік диван сатқаны туралы жалған хабарландыруына қызығушылық танытып, оның дұрыстығына көз жеткізбей және диванды жеке өзі көрмей, алдын ала төлем жасап, кінәлінің абоненттік нөмірінің балансын 40 мың теңгеге толықтырған.

Көрсетілген соманы иемденіп алғаннан кейін, сотталған байланысқа шығуды тоқтатқан.

Қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде жалпы сомасы 2 млн теңгеден асатын 40-тан астам жәбірленуші зардап шеккен.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, барлық жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеді.

Сот үкімімен кінәлі жас баланың болуына байланысты жазасын кейінге қалдыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.

Елорда прокуратурасы азаматтарды мұқият болуға және күмәнді виртуалды мәмілелерге келіспеуге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: