Ақтөбеде ұрлық жасаған жасөспірімнің әкесі жазаланды

Телефон, ұялы телефон, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2025 17:59 Сурет: pexels
Ақтөбе облысы Қобда ауданында тұратын 14 жастағы бала өз бетінше Ақтөбеге барған. Жасөспірім адам көп жиналатын жерге барып, келушілердің бірінің телефонын жасырын ұрлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция баладан телефонды тәркілеп, өзін профилактикалық есепке алды.

1 сәуірде Қобда аудандық сотында осы кәмелетке толмағанның ата-анасына қатысты әкімшілік іс қаралды. Баланы тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін баланың әкесі сот шешімімен кінәлі деп танылды.

Баласының тәрбиесіне бейжай қараған ер адам бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: