ІІМ мопедистер үшін әкімшілік жауапкершілік неліктен күшейтілетіндігін түсіндіріп берді

Ол ертеңнен бастап мопедті тіркеусіз басқару жауапкершілігі заңмен бақыланатындығын еске салды. Оның айтуынша, мұндай көлік санының жыл сайын өсуі және мопедтердің қатысуымен болған ЖКО санының артуы, оларды құқықтық салада реттеуді қайта қарауды талап етті. Мәселен, 2024 жылдың 12 айында республика жолдарында мопедтердің қатысуымен 1 819 ЖКО тіркелді, онда 76 адам қайтыс болып, 1 945 адам жарақат алды.
"Биыл үш айдың қорытындысы бойынша мопед жүргізушілерінің қатысуымен 103 ЖКО тіркелді, 2 кәмелетке толмаған бала қаза тапты, 105 адам жарақат алды", – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сұлтанбаев егер бұрын жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін мопед жүргізушілері ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша 2 АЕК мөлшерінде айыппұлмен жол қозғалысының басқа қатысушылары сияқты жауапкершілікке тартылса, 5 сәуірден бастап мопед жүргізушісі механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне жүктелген жауапкершіліктің барлық спектрін көтеретіндігін атап өтті.
Сондай-ақ мопедті жүргізу үшін А, А1 немесе В санатымен жүргізуші куәлігі қажет.
Айта кетсек, бүгінде 24 мыңға жуық астам мопед тіркеліп, 2 мыңнан астам А және А1 санатты жүргізуші куәлігі берілді.