Алматыда ұландықтар бейтаныс біреу пышақтап кеткен ер адамның өмірін сақтап қалды

Алматыда ұландықтар ер адамның өмірін сақтап қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2025 13:46 Сурет: polisia.kz
Алматы тұрғындарының қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ҚР ІІМ Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің жауынгерлері бір күнде қырағылықтың жарқын үлгісін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Наурызбай ауданында болды. Мегаполис тыныштығын қадағалап жүрген сарбаздар өздерін күдікті ұстаған жастар тобына назар аударады. Тексеру кезінде олардан жасыл түсті есірткі заты бар байлам, сондай-ақ оны қолдануға арналған қолдан жасалған құрылғы табылды.

Кіші сержант Әли Тұрлығожа мен қатардағы жауынгерлер Бағдәулет Мырзахан, Жанболат Аятұлы, Саят Қуандық және Мұхамед-Әли Серіков бастаған патрульдік топтың шешуші әрекеттерінің арқасында күдіктілер ұсталып, Наурызбай ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Ұландықтар сол күні Медеу ауданында қырағылықтың тағы бір үлгісін көрсетті. Пушкин көшесін патрульдеу кезінде әскери қызметшілер үсті қан адамды байқап, көмекке барады. Жәбірленушінің жамбасындағы терең кесілген жарадан қан қатты кетіп жатқанын көреді. Әскерилер оны бейтаныс азамат пышақтағанын анықтады.

Қатардағы жауынгерлер Аян Бимырза, Абзал Омаров және Ескендір Закиров жәбірленушіге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті.


"Біз қан кетуді тоқтату әдісін қолдандық, жараны таңып, жедел жәрдем мен полиция шақырдық. Екі қызмет те оқиға орнына жедел жетті. Дәрігерлер жәбірленушіні тексеріп, жарасына ем-дом жасады, ал полицейлер жағдайдың мән-жайын анықтауға кірісті", - дейді әскери жасақ бастығы Аян Бимырза.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: