"Атырау" футбол клубы қайтадан мемлекет меншігіне өтті

"Атырау" футбол клубы қайтадан мемлекет меншігіне өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2025 22:10 Сурет: freepik
Атырау облысы прокуратурасының ұсынысы негізінде "Атырау" футбол клубы қайта мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі өңірдің дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың хабарлауынша, шешім басқару бойынша тиімділікті арттыруға, қаржылық ашықтыққа және аймақтың спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

2018 жылғы ақпан айынан бастап клуб "Атырау" кәсіпқой спорт клубы" қоғамдық қорының сенімгерлік басқаруында болды. Алайда кейінгі жылдары оның қызметінде бірқатар жүйелі проблема болды: басшылық құрамы жиі ауысты, спорттық нәтижелер тұрақсыз болды, бюджет ашық емес еді және сенімді есеп те болмаған.

Мемлекет меншігіне қайтарудың негізгі факторларының біріне шетелдік ойыншылар санының күрт артуы себеп болған, соның кесірінен ішкі кадрлар мен жасөспірімдер футболын дамытуға жеткілікті көңіл бөлінбеген.

Енді мемлекет басқаруымен клубты кезең-кезеңімен реформалау жоспарланып отыр. Ведомство негізгі бағыттар: басқару тұрақтылығын қамтамасыз ету, ашықтықты арттыру, жасөспірімдер футболын қолдау және ұзақ мерзімді даму стратегиясын қалыптастыру болатынын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: