"Атырау" футбол клубы оншақты ойыншыларымен қоштасты

Футбол, Атырау, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2026 10:15 Сурет: Instagram/fc_atyrau
"Атырау" футбол клубы бірқатар ойыншыларымен қоштасқанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Командадан Ескендір Қыбырай, Лука Згурский, Вадим Афанасенко, Дмитро Рижук, Василий Совпель, Цветелин Чунчуков, Данияр Урда, Кәрім Смыков, Әлішер Сүлеймен, Вадим Яковлев, Нұрдәулет Байбосынов және Нұрдәулет Орынбасар кетті. Олардың әрқайсысымен жасалған келісімшарттар мерзімі аяқталды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.


"Келісім шартының аяқталуына байланысты "Атырау"футбол клубы бірқатар ойыншылармен қоштасады. Ойыншыларға алғыс айта отырып, алдағы кәсіби мансабтарына сәттілік тілейміз", делінген хабарламада.

Бұған дейін қазақ футболының бірегей өкілі Марат Есмұратов өмірден өткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: