Экономика министрлігінің басшысы жеке табыс салығының мөлшерлемесі қандай болатынын айтты

9 сәуірде Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жеке табыс салығының ставкалары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Серік Жұманғарин депутаттарға Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің жобасын таныстырды.
"Айтарлықтай бастамалардың бірі – жеке табыс салығының прогрессивті мөлшерлемесін енгізу. Осылайша, жылдық табысы 8500 АЕК-тен асатын (2025 жылы 1 АЕК 3932 теңгеге тең. – Ред.) жұмысшылар үшін 15% жоғарылатылған ставканы белгілеу ұсынылып отыр. Бұл қосымша салық салудың жоғары механизмін құруға мүмкіндік береді", – деді ол.
Мемлекеттік бағалы қағаздардан түсетін табысқа КТС 10% мөлшерлеме бойынша салық салу ұсынылып отыр. Енді олар салықтан босатылды.
"Сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың бағалы қағаздарынан түсетін кіріске салық салу ұсынылып отыр. Сонымен бірге, экономиканың нақты секторын қолдау және инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция тарту мақсатында 2030 жылға дейін "Бәйтерек" холдингінің бағалы қағаздарынан түсетін кірістерді салық салудан босату ұсынылып отыр. Бұл жыл сайын экономикаға 10 триллион теңге қаржы ресурстарын енгізуге мүмкіндік береді", – деп түйіндеді сөзін Ұлттық экономика министрлігінің басшысы.
9 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттарды Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің негізгі жаңалықтарымен таныстырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript