10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін міндетті түрде ауыстыру: Алматы полиция департаментінен маңызды мәлімдеме

Водительское удостоверение, водительские права , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2025 14:32 Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2025 жылдың 9 сәуірінде Алматы полиция департаменті жүргізуші куәлігін ауыстыруға қатысты маңызды ақпаратпен азаматтарға жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының полиция Департаменті ескертеді: мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі алдағы үш жылда аяқталатын азаматтар оны 10 сәуірге дейін міндетті түрде ауыстыруы керек деген жалған ақпарат тарап жатыр.

"Ресми түрде мәлімдейміз: бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жүргізуші куәліктерін ауыстыру тәртібіне ешқандай өзгерістер енгізілген жоқ." Алматы қаласының ПД

Куәліктер жарамдылық мерзімі аяқталған кезде, ешқандай қосымша талаптарсыз, қайта тапсырусыз және шектеусіз жоспарлы түрде ауыстырылады.

Азаматтардан жалған ақпаратқа сенбеуді, мәліметті тек ресми дереккөздерден тексеруді сұраймыз.

Көрінеу жалған ақпарат тарату – бұл жай әзіл емес, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын әрекет.

"Сақ болыңыздар! Тек сенімді дереккөздерге сеніңіздер." Алматы қаласының ПД
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: