Жаңбыр, қар, үсік, көктайғақ: 10 сәуірде қай өңірлерде ескерту жасалды

Жаңбыр, қар, үсік көктайғақ: 10 сәуірде қай өңірлерде ескерту жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2025 20:07 Сурет: unsplash
Синоптиктер ертең, 10 сәуірде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл. Жел оңтүстік-шығыстан облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, шаңды дауыл. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында 23-28 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15 м/с. 

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20, облыстың орталығында, шығысында кей уақыттарда 25 м/с.  

Шығыс Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада шаңды дауыл соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні - 15-20 м/с. 

Жетісу облысында шығыстан солтүстік-шығыстан жел соғады, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысының және Алматы қаласының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта найзағай ойнайды.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының оңтүтігінде, шығысында тұман түседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: