Атырауда ақша бопсалаумен айналысқан ер адам ұсталды

Атырауда ақша бопсалаумен айналысқан ер адам ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2025 19:42 Сурет: polisia.kz
Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 43 жастағы ер адамнан 140 мың теңге көлемінде ақша бопсалаумен айналысқан бұрын сотталған 33 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тінту кезінде күдіктіден 20 000 теңге табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы негізінде қамауға алынды.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, сондай-ақ ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәлі екендігі тек заңды күшіне енген сот үкімімен анықталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: