Сенат Кипрмен келісімді ратификациялады

Қазақстан Сенатының депутаттары 2025 жылдың 10 сәуірінде Палата отырысында Қазақстан Республикасының және Кипр Республикасының сотталған тұлғаларды беру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Заңның мақсаты — Кипрмен қылмыстық іс жүргізу саласындағы толық құқықтық негізді қалыптастыру және шетелде сотталған азаматтарды елге қайтару, олардың қоғамда тез бейімделуіне оң ықпал ету.
"Заңның міндеті — 2024 жылғы 25 наурызда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы сотталған тұлғаларды беру туралы келісімді ратификациялау. Келісімде сотталған тұлғаларды беру және оны бас тартуға негіз болатын жағдайлар реттеледі. Келісімге сәйкес, тараптар бір-біріне сотталған тұлғаларды беру міндетін алады, оларды жазасын өздерінің азаматтық міндеттін мемлекетінде өтейді", — делінген құжатта.
Сондай-ақ, келісімде сотталған тұлғаны беру үшін орындалуы қажет негізгі шарттар көрсетілген:
- сотталған адамның беру туралы ерікті келісімінің болуы;
- сотталған тұлға екі тараптың бірінің азаматтығына ие болуы;
- сотталған тұлғаға тағылған қылмыс әрекеті, жазаны орындаушы елдің заңнамасына сәйкес қылмыс деп танылуы тиіс.
Төмендегідей себептермен сотталған тұлғаны беруден бас тартылуы мүмкін:
- үкім шығарған тарап оның берілетін тұлғаның елдің егемендігіне, қауіпсіздігіне немесе қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретініне сенсе;
- сотталған тұлға үкім бойынша келтірілген зиянды өтемеген жағдайда;
- үкім шығарған тараптың сотталған тұлғаға қатысты қылмыстық қудалауды жүргізуі.
"Келісімді ратификациялау Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша құқықтық ынтымақтастықтың тиімділігін арттырып, екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, келісімнің жүзеге асырылуы әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс әсерлерге алып келмейді, сондай-ақ қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді. Келісімді жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы үшін республикалық бюджетте тиісті жылдарға арналған қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады", — делінген қорытындыда.
Бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа бас директор тағайындалғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript