ШҚО-да полиция биыл 3 мыңнан астам заңсыз интернет-ресурстарды бұғаттады

Интернет, сеть, цифровизация, цифровые технологии, digital, современные технологии, цифровизация, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2025 14:53 Фото: freepik
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және заңға қайшы контентпен күресу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері интернет кеңістікті белсенді түрде қадағалап келеді.

2024 жылы тыйым салынған ақпаратты таратқан 1 770 сайт анықталып, бұғатталды.

Бұғаттауға есірткі заттарын ұсынатын, суицидті насихаттайтын, порнографиялық сипаттағы материалдар мен заңсыз онлайн-казино орналастырылған ресурстар анықталды.

2025 жылы бұл бағыттағы жұмыс күшейтілді. Биылғы жылдың алғашқы үш айының өзінде осындай мазмұндағы 3 мыңнан астам сілтеме бұғатталды.

Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, күмәнді интернет-сайттар туралы хабарлауға шақырады. Ортақ күш-жігерімізбен өсіп келе жатқан ұрпақ үшін қауіпсіз ақпараттық орта құруға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: