Гүл Алматы: Оңтүстік астананың қазіргі көркін не келтіріп тұр
Сурет: Zakon.kz
Биылғы қыс Алматыға әдеттегіден ұзаққа тұрақтады. Әз-Наурыз мейрамы қалаға жаңа тыныс сыйлап, жұртшылықты ұйқысынан бір оятқандай болды.
Алайда, мереке аяқталысымен қаланы қайта бұл басты. Мәселен, 25 наурыз күні алматылықтар ұйқысынан тұрғанда, терезеден аппақ қардың басып қалғанын көрді.
Дегенмен, көп күтпей арадағы бір-екі күндік жаңбырды есептемегенде, қалаға көктем келді. Күннің жылуы тек табиғат пен жан-жануарға ғана емес, адамдарға да жарық бір сәуле сыйлағандай.
Табиғат демекші, күні кеше танымал фотограф "алматылық сакурадан" шабыт алып, бүр жарған өрік ағаштарының суретін түсіріп еді. Ал, бүгін гүлге оранған Алматының суреттерін ұсынбақпыз.
Ал, танымал алматылық фотограф Дмитрий Доценко түсірген қаладағы бүр жарған ағаштардың суреттерін мына жерден көре аласыз.





