Маңғыстауда басқарма басшысы мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жазаланды

Прокуратура органдары Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаменті Мұнайлы аудандық басқармасы басшылығының ЖОО студентіне еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде оған заңсыз артықшылық беру фактісін анықтады.
Атап айтқанда, соңғысы оқуын Басқарманың іс жүргізуші лауазымында толық емес жұмыс күнімен (төрт сағат, толық емес жұмыс күні) ұштастырған.
Бұл ретте, туыстық қатынастарға байланысты Басқарма басшысы мен оның орынбасары оның уақытын толық жұмыс күні ретінде (сегіз жұмыс сағаты) есепке алған, нәтижесінде бюджет қаражатының заңсыз жұмсалуына әкеп соққан.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыз жұмсалған қаражат бюджетке қайтарылды.
Бұдан өзге, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімі негізінде, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Басқарма басшысына қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.