БҚО-да ауыл әкімі мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жазаланды

БҚО-да ауыл әкімі мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жазаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2025 12:41 Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының прокуратурасы аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту бойынша қабылданған шараларды тексеру барысында іс жүзінде аяқталмаған жұмыстар үшін 6,5 млн теңгеден астам заңсыз аудару фактілері анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 11 қарашада атқарылған жұмыстар актісі бойынша Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылдық округінің әкімімен құны 6 599 900 теңге болатын шағын футбол алаңын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардың қабылданғаны анықталды.

Алайда Қаратөбе ауданының прокуратурасы фото және бейне тіркеуді қолдана отырып, шағын футбол алаңын көзбен шолып қарау барысында мердігер ұйымның сметалық құжаттамадан ауытқуға жол бергенін анықтады.

"Атап айтқанда, орама жабынын, қоқыс салатын жәшіктер мен орындықтарды, шамдарды жабдықтау, сондай-ақ, қоршауды отырғызу жұмыстары аяқталмаған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Қаратөбе ауданының әкімдігімен Егіндікөл ауылындағы шағын футбол алаңын ағымдағы жөндеу бойынша барлық жұмыстарды сметалық құжаттамаға сәйкес орындау бойынша шаралар қабылданды", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімімен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін Егіндікөл ауылдық округінің әкіміне қызметке толық сәйкес еместігі хабарланды.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда кәсіпкерге қоршаған ортаны ластағаны үшін 7 миллион теңге айыппұл салынған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: