Павлодарда өрт сөндіру көлігі аударылып кетті

10 сәуір күні сағат 16:06-да Павлодарда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметтік көлігі Всеволод Иванов пен Аймауытов көшелерінде жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, негізгі жолдың бойымен шамдары жанып келе жатқан қызметкерлер көлігі қосалқы жолмен келе жатқан Kia Rio жеңіл көлігімен соқтығысқан. Соққының салдарынан өрт сөндіру көлігі аударылып қалды.
"Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Көлікті қазір жолдан сүйреп шығарды. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері зардап шеккен жоқ, оларды ауруханаға жатқызудың қажеті болмады", - деп хабарлады ведомство.
Ал әлеуметтік желіде апат орнынан түсірілген видео тарап жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз