Ханзада Гарри Украинаға жасырын түрде барып қайтты

Ханзада Гарри Украинаға жасырын түрде барып қайтты , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2025 11:44 Сурет: Facebook/stavnitser
10 сәуірде Ұлыбритания королі Чарльз III-тің кенже ұлы украинаның Львов қаласына жарияланбаған сапармен барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол төрт ардагермен бірге Львовтың Superhumans Center клиникасына барды, онда украиналық қорғаушылар оңалтудан өтеді. Бұл туралы ақпаратты The Telegrapf өзінің Х желісіндегі парақшасында жариялады.

Ол клиникада жараланған украин ардагерлерімен сөйлесті. Сондай-ақ, ханзада Украина ардагерлер істері министрі Наталья Калмыковамен кездесті.

Корольдік өкілдің Львовқа сапары туралы украиналық кәсіпкер және Superhumans Center негізін қалаушы Андрей Ставницер те өзінің Facebook парақшасында жазды.

Бұл ретте, ханзада Гарридің Украинаға сапары жайлы ол Украина территориясынан шыққаннан кейін ғана жарияланды.

Бұған дейін Нью-Йоркте тікұшақ апатында Siemens компаниясының басшылық қызметіндегі маман қайтыс болғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: