Алматы қаласы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаев алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамын ұсына отырып, күн өте жылы болғанымен, арасында қатты жел соғып, екпіні 23 м/с дейін жетеді, жауын-шашын да болатынын айтады.
Бір апта ішінде, 2025 жылғы 12-18 сәуір аралығында алматылықтар мен мегаполис қонақтарын келесідей ауа райы күтеді:
12 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +24...+26°С.
13 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде: +12...+14°С, күндіз: +26...+28°С.
14 сәуір: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, кейде қатты найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұруы да мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 4-9 м/с, кей тұста - 18-23 м / с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +20...+22°С.
15 сәуір: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соққан желдің екпіні - 4-9 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°С, күндіз: +18...+20°С.
16 сәуір: аспан бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 4-9 м/с, кей тұста - 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°С, күндіз: +14...+16°С.
17 сәуір: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +6...+8°С, күндіз: +14...+16°С.
18 сәуір: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +6...+8°С, күндіз: +18...+20°С.
Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстан аумағында қандай ауа райы болатынын айтып берген болатын.