2024 жылы Ұлттық банктің төлем жүйелері арқылы шамамен 1,5 квадриллион теңге аударылды

Покупки онлайн, покупки в интернете, интернет-магазин, покупки через интернет, онлайн-покупки, онлайн покупки, покупки в интернете, маркетплейс, маркетплейсы, банковская карта, платеж по карте, оплата по карте, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2025 13:34 Фото: pexels
Бүгін, 2025 жылдың 14 сәуірінде ҚР Ұлттық банкі өткен жылы ҚР ҰБ төлем жүйелері арқылы қанша төлем жасалғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүйсенбіде таратылған релизге сәйкес, 2024 жылы Ұлттық Банктің төлем жүйелері арқылы жалпы сомасы 1 487,4 трлн теңгеге төлем жүргізілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 51,7%-ға көп.

Операциялардың ең көп саны сағат 16.00-17.00 аралығында өңделеді. Операция күндері ұлттық төлем жүйелері (Банкаралық ақша аударымдары жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы жүргізілетін операциялардың орташа тәуліктік көлемі 5,9 трлн теңге болды.

2024 жылы Ұлттық Банктің төлем жүйелерінде бір төлемнің орташа сомасы 16,9 млн теңге болды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 27,4 %-ға (3,6 млн теңгеге) жоғары.

2024 жылы төлем жүйелерінің жұмыс істеуге жарамдылық коэффициенті Ұлттық Банк белгілеген нысаналы көрсеткіштерден асып, 99,96% болды. Бұл ұлттық төлем жүйелерінің жоғары қолжетімділігі мен үздіксіз жұмыс істейтінін растайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: