Шымкентте бірінші сынып оқушысы суға толы шұңқырға түсіп, мерт болды

Скорая помощь, медицинская служба, машина скорой помощи, машины скорой помощи, автомобиль скорой помощи, карета скорой помощи, бригада скорой помощи, скорая медицинская помощь, скорая медпомощь, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2025 14:00 Фото: Zakon.kz
Шымкенттегі Тұран-1 шағын ауданында жерасты суына толы қоршалмаған шұңқырға түсіп кеткен бірінші сынып оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz ақпаратына сүйенсек, қайғылы оқиға 2025 жылғы 12 сәуірде кешқұрым болған. Жеті жасар бала үйден сағат 17:00 шамасында шығып кеткен, ал бірнеше сағаттан кейін, сағат 22:00 шамасында оның денесі тереңдігі шамамен 2 метр және көлемі шамамен 4×50 метр болатын суға толы шұңқырдан табылды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шұңқырды бірнеше жыл бұрын көпқабатты үйлерге арналған кәріз ретінде қазған, бірақ жұмыстар тоқтатылып, ол ашық қалған.Уақыт өте келе шұңқыр ағынды суларға толып қалған.

Тұрғындар бірнеше рет жауапты органдарға қауіпті аумақты қоршау туралы өтініш білдірген, алайда шаралар қабылданбаған. Жақын жерде мектеп пен балабақша орналасқан, бұл ата-аналардың алаңдаушылығын арттырады.

Өз кезегінде өңірдің ПД басқармасы баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілгенін, тексеру басталғанын мәлімдеді.

"Мектеп оқушысының қазасы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарының кешені жүргізілуде". Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыда тыйым салынған діни әдебиеттер тәркіленгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: