4 мың қазақстандықтан туберкулез анықталды

Шамалы біртүрлі болдым ондайды естіген кезде. Іштей уайым үрей болды. Қазіргі уақытта дәрігерлердің тағайындаған дәрілерін уақытылы ішіп, 10 күннен асты жатқаныма. Қазір өзімді жақсы сезінемін.
Расында биыл 5 млн 600 мың адам ғана уақтылы қаралды. Демек анықталған 4 мың жағдай тек ресми тіркелген мәлімет. Ал тексерілмегендер қаншама?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде жыл сайын 10 миллионға жуық адам осы сырқатқа шалдығып, шамамен 1,5 миллион науқас көз жұмады. Әйтсе де, Қазақстан туберкулезді тиімді емдеу шаралары бойынша алдыңғы қатарда. Елде соңғы 6 жылда сырқаттану көрсеткіші 27%-ға, ал өлім-жітім 50%-ға азайған, деп жазады qazaqstan.tv.
"Бұл 40 науқасқа арналған бөлім, қазіргі таңда 43 науқас жатыр. Екі рет қақырық нәтижесін тексереміз 10 күн арасында. Екі ретінде де таза боп шыққан жағдай болса ғана емханадан шығарылады." Дамира Оспанова, "Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы" ШЖҚ МКК бөлім меңгерушісі
Бүгінде туберкулез небәрі 2 сағат ішінде анықталады. Мемлекет тарапынан алдын алу мен ем-дом шаралары бойынша толық жағдай жасалған.
"Дәрігерлердің бәріне тегін диагностика өткізуі. Диагностика анықталған жағдайда туберкулезге байланысты дәрілер бізде қамтылған. Ол барлық науқасқа жеткілікті, тегін емделеді. Одан емделіп шығуға мүмкіндік бар." Сағит Бектасов, "ҚР ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК бөлім меңгерушісі
Туберкулез – жаһандық проблема. Мамандар бұл аурудың тек ауа арқылы жұғатынын ескертеді. Алайда дертке шалдыққан адам мамандарға уақытылы жүгініп, тұтас ем қабылдаса, толықтай айыға алады.