Павлодарда ішіп алған жүргізуші полицияны алдамақ болған

Павлодарда ішіп алған жүргізуші полицияны алдамақ болған, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2025 22:19 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда ішіп алған жүргізуші полицияны алдамақ болған. Дегенмен тәртіп сақшылары оған айласын асыруға жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ломов көшесіндегі дүкеннің жанында ВАЗ маркалы автокөлікті басқарған облыс орталығының тұрғыны көзге түскен. Мас жүргізуші ішіп алған күйінде көлік жүргізгені үшін жазаланудан қорқып, артқы жолаушылар орындығына ауысқан. 

"Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ер адам мас күйінде болды. Сонымен қатар, 2020 жылдың желтоқсанында жүргізуші полицияның назарына түсіп, сот оны жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу  құқығынан айырғаны анықталды", - деп хабарлады департамент. 

Басқа да жағдайлар бойынша автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. 

Айта кетейік, жыл басынан бері полицейлер көлік құралын алкогольдік және есірткіге мас күйінде жүргізгені үшін 305 құқық бұзушының жолын кескен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: