Ақтөбе облысында 30-ға жуық полицей қылмыстық жауапкершілікке тартылған

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2025 15:16 Фото: Zakon.kz
Ақтөбе облысында соңғы екі жылда сыбайлас жемқорлық және алаяқтық деректер бойынша 30-ға жуық полицей қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің мамандары болашақ құқық қорғаушылармен кездесіп, алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Бүгін агенттік өкілдері Ішкі істер министрлігіне қарасты Ақтөбе заң институтының курсанттарына заң мен тәртіп қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қажеттігін түсіндірді.

Шараға алғашқы дайындық тобының тыңдаушылары да қатысты.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет істері агенттігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, жоспар бойынша осындай шаралар жиі болып тұрады. Осындай шаралар бүкіл полиция Департаментінің аудандық бөлімшелерінде жүргізіледі." Нұрболат Махмұтов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыс бойынша Департаментінің бас маманы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: