Енді пойыз 1 сағаттан артық кешіксе, билет бағасы толық қайтарылады

Енді пойыз 1 сағаттан артық кешіксе, билеттегі орын бос болмаса, жол ақысы комиссиясыз толық қайтарылады.
Көлік министрлігінің тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Сонымен қатар теміржол билеттері пойыз жүргеннен бұрын 10 минутқа дейін ғана сатылады.
Бұрын бұл талап 1 тәулік болатын. Балалармен сапарлайтын ата-аналарға да құлақ қағыс: бұдан бұлай 7 жасқа дейінгі балаға билет алу міндетті емес.
Ал орын қажет болса, билетті жеңілдікпен алуға болады. 7–15 жас аралығындағы балаларға 50% жеңілдік қарастырылған.
Бұдан бөлек, 15-ке толмаған бала сенімхатсыз пойызға отырғызылмайды, деп жазады qazaqstan.tv.
Егер заңды өкілі бірге жүрсе, сенімхат талап етілмейді. Өзгерістер 22 сәуірден бастап күшіне енеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript