Абай облысында алимент қарызы 1,2 миллион теңгеден асқан борышкер анықталды

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2025 12:49 Фото: Zakon.kz
Абай облысы полиция департаментінің Аксуат ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлері алимент төлеуден жалтарып жүрген 41 жастағы азаматты анықтады.

Оның қарызы шамамен 1 200 000 теңгені құрады.

Іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер борышкердің Өскемен қаласында жүргенін анықтады.

Қазіргі уақытта материалдар берешекті өндіру бойынша әрі қарай шара қабылдау үшін сот орындаушыларына жолданды.

Жалпы, осы жылдың басынан бері Абай облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі бөлімшелері 65 борышкерді анықтады.

Олардың қатарында алимент, салық төлеуден және материалдық шығынды өтеуден жалтарып жүрген азаматтар бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: