Шерзат Полаттың ісіне төрелік етіп отырған судья қатысушыларға ескерту жасады

Талдықорғанда 2025 жылғы 17 сәуірде 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты басты сот отырысы басталды. Отырыс басталар алдында судья Ержан Жанұзақов процеске қатысушыларға ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Судья 10 сәуірде алдын ала сот отырысы өткенін еске салды. Онда процеске қатысушылардың пікірін ескере отырып, осы іс бойынша тыңдауларды ашық режимде өткізу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, сот отырыстары ҚР Жоғарғы Сотының YouTube-каналында тікелей эфирде көрсетіледі. Барлық БАҚ өкілдері процеске еш кедергісіз қатыса алады. Сот залының шағын көлеміне байланысты арнайы қосымша залдар дайындалды.
"Осыған байланысты, ашық және әділ сот төрелігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамда шындыққа сәйкес келмейтін бұрмаланған ақпараттың таралуын болдырмау мақсатында процеске қатысушы тараптардан сот талқылауы аяқталғанға дейін осы іс бойынша БАҚ-қа түсініктеме беруден бас тартуды сұраймын",- деді Ержан Жанұзақов.
Бұған дейін іске қатысты айыпталушылар туралы не белгілі екендігін жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript