Жеңіс Қасымбек оң жағалауға жаңа жол салу туралы: зират аумағына зақым келмейді

Мусульманское кладбище, мусульманские захоронения, мусульманское захоронение, могила, могилы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2025 16:50 Фото: Zakon.kz
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек 2025 жылғы 17 сәуірде тұрғындармен кездесуде оң жағалаудағы ескі мұсылман зиратына қатысты алаңдаушылыққа жауап берді. Адамдар жолды кеңейту жоспары оны ішінара бұзуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Белгілі болғандай, ескі мұсылман зираты орналасқан Таха Хусейн көшесіне жаңа жол салу жоспарланып отыр. Тұрғындар әкімнен жолды неліктен кеңейткелі жатқанын сұрады.

"Жол бұзылып, онда үлкен жол салынады. Зират аумағына ешкім әсер етпейді, техникалық шешімдер табылмақ. Меншік иелерінің құқықтарына ешкім нұқсан келтірмейді және онда тұратын адамдардың талаптары толығымен қанағаттандырылады", – деп сендірді Жеңіс Қасымбек.

Бұған дейін Қазақстанда жерлеу қызметі қанша тұратындығы жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: