Қарағандыда соғыс ардагері 101 жасқа толды

9 мая, День Победы, Вечный огонь, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2025 14:40 Фото: Zakon.kz
Қарағандыда соғыс ардагері Анна Котова 101 жасқа толды. Ғасыр жасаған майдангер әлі күнге дейін отын жағып, ас-суын өзі әзірлейді.

Кейуана соғыс басталған кезде небәрі 18 жаста болған. Ол госпитальде медбике болып, жүздеген жауынгердің өмірін құтқарды.

1943 жылы Украинаның 2-майданындағы эвакуациялық госпитальда борышын өтейді, деп жазады qazaqstan.tv.

Кейін соғыс аяқталғанымен, елге 1946 жылдың маусымында оралады. Өмір үшін арпалысқан әрбір жауынгер соғыс ардагерінің есінде сақталған.

"Бір кеудесінен жараланған ұшқыш болды. Жарасының ауырлығы сонша жүрегі көрініп тұрды. Медбикелер жетіспей жатты. Мен осы қолыммен қанша жаралы жауынгердің жарасын емдеп жаздым. Аяқ, қолдары жоқтарын да көрдім. Енді мұндай сұрапыл соғыс елімізде мүлде болмаса екен. Жастарымыз бейбіт күннің қадірін білсе деймін." Анна Котова, соғыс ардагері
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: