Ресейде өтетін парадқа Қазақстан өзінің әскери техникасын беретіні рас па

Қазақстанның парадқа қатысатын әскери техниканы Ресейге беретіндігі рас па , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2025 16:41 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Әлеуметтік желілерде жолдағы әскери техниканың видеосы таралды. Аккануттардың бірінде Ресей шеруге қажет техниканы Қазақстаннан алды деп жазылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stopfake.kz мамандары ақпараттың фейк екендігін айтып, техника Астанада өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге бара жатқандығын мәлімдеді.

Бұл туралы 12 наурызда ҚР Қорғаныс министрлігі отандық БАҚ-та және әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарлады.

"Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Астана қаласында өтетін әскери парадқа дайындық шараларына байланысты 13 наурыздан бастап жеке құрамды тасымалдау және әскери техниканың теміржол көлігімен де, өз жүрісімен қозғалысы басталады деп жоспарлануда". ҚР Қорғаныс министрлігі

Осыған орай еліміздің кейбір аймақтарындағы жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін.

Сондай-ақ, 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның жаттығу ұшуларын жүргізу үшін Астана қаласында әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер қойылады.

"Осыған байланысты әуе рейстерінің кестесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Біз азаматтарға рейстер туралы ақпаратты алдын ала нақтылауды ұсынамыз. Енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды, жалған ақпарат таратпай, тек ресми дереккөздерге жүгінуді сұраймыз", – делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.

Бұған дейін Ақтөбеде заңсыз дәрі-дәрмек сақтағандар ұсталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: