Жезқазғанда айыппұлды заңсыз салған: 212 млн теңге жергілікті бюджетке қайтарылды

Жезқазғанда айыппұлды заңсыз салған: 212 млн теңге жергілікті бюджетке қайтарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2025 16:39 Сурет: Zakon.kz
Ұлытау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Жезқазған қаласы әкімдігінің қызметінде экологиялық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында 2024 жылы Экология департаменті полигонда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне 212 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салғаны анықталды.

Бұл айыппұл заңсыз салынған, себебі 2020 жылдан бастап 2024 жыл аралығында полигон сенімгерлік басқаруға берілген және экологиялық заңнама талаптарын сақтау міндеті сенімгерлік басқарушыға жүктелген.

"Осыған байланысты табиғат қорғау прокуратурасының наразылығы негізінде сот әкімшілік іс жүргізуді тоқтатты. Нәтижесінде жоғарыда аталған қаражат жергілікті бюджетке қайтарылып, алдағы уақытта Жезқазған қаласы тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталады", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: