Маңғыстау облысында мектеп асханалары тексеріліп жатыр

Школьная столовая, школьные повара, еда в школе, школьный буфет, питание в школах, питание в школе, школьное питание, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2025 15:40 Фото: Zakon.kz
Маңғыстауда мектеп асханаларына жоспардан тыс тексеру басталды. Аймақта білім беру ұйымдарында оқушылардың жаппай астан улану дерегі көбейген.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі Бас прокуратураның келісімімен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын тексерді.

Жоспарланған 72 нысанның 14-і тексеруден өтті.

Ведомствоаралық жұмыс тобына министрліктен, бірнеше облыстың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінен және Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығынан мамандар енген.

Айта кетейік, сәуір айының басында Бейнеу ауданында 12 оқушы мектеп асханасынан тамақтанған соң дәрігерге жүгінген болатын.

Кейін асхана жабылды, тергеу жүріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: