Ақтөбе облысында сауда нүктелері жаппай тексеріліп жатыр

Балалардың улану дерегі тіркелгеннен кейін Ақтөбе облысында сауда нүктелері жаппай тексеріліп жатыр.
Эпидемиолог мамандар осы уақытқа дейін үш дүкеннен техникалық регламенттерге сай ешқандай белгісі жоқ өнім түрлерін тауып, тәркілеген.
Қобда ауылындағы дүкеннен кептірілген ас шаянының 13 данасы алынып, сараптамаға жіберілді. Қорытындысы алдағы аптада шығарылады.
Еске салсақ, екі күн бұрын дәл осы Қобда ауылында орта мектептің төртінші сынып оқушылары уланып қалған еді. Балалардың бірі қытайлық белгісіз тағамды сатып алып, сыныптастарымен бөліскен, деп жазады qazaqstan.tv.
Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. 7 бала мен тағы екеуіне улану диагнозы қойылды. Олар кеше үйлеріне шығарылды. Жағдайлары қалыпты.
"Жоспарымызға қосымшалар енгізіліп, бүгінгі таңда облыс бойынша дүкендерге мониторинг жүргізіліп жатыр. Қазірге дейін 219 дүкен мониторингпен қамтылды. Үш сауда нүктесінен табылып, тағам лабараториялық зертханаға тапсырылды." Райхан Қойшанова, облыстық санэпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз