Балабақша орнына автосервис: Ақтөбе маңындағы тұрғындар неге наразы болып отыр

Технический осмотр машины, технический осмотр автомобиля, техосмотр, техосмотр машины, техосмотр автомобиля, ремонт машины, ремонт автомобиля, СТО, работники СТО, плановое техническое обслуживание, поломка автомобиля , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2025 12:11 Фото: pexels
Ақтөбе маңындағы Бауырластар-3 тұрғын алабында уәде етілген балабақша орнына автосервис салынып жатқанына байланысты дау шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Astana TV" ақпаратынша, тұрғын алап Ақтөбеден 16 км қашықтықта орналасқан және бұл жерде құрылыс жұмыстары 10 жыл бұрын басталған. Қазір мұнда 700-ден астам отбасы тұрады. Олардың көпшілігі көпбалалы. Ата-аналар жақын маңда балабақша болмағандықтан, балаларын қалаға тасымалдауға мәжбүр болып отырғандарын айтты.

Тұрғындардың айтуынша, қала билігі балабақша салу үшін жер бөліп берген, алайда бүгінде ол жаққа ТЖО салынып жатыр.

Жағдайға қатысты жергілікті билік түсінік бере алмай отыр. Белгілі болғандай, кәсіпкер бұл жерді үш жыл бұрын сатып алған. Жоба бойынша коммерциялық нысан салынбақ.

Қазіргі таңда әкімдік құжаттардағы қателіктерді анықтауға тырысып жатыр.

Бұған дейін Ақтөбе облысындағы әкімдердің бірінің жанжалдың дәп ортасына іліккендігі жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: