Қызылордада автосервис дүкені өртенді
Сурет: pixabay
22 ақпанда таңертең Қызылорда қаласы Жеңіс көшесі бойында екі қабатты автосервис дүкенінің бірінші қабатында орналасқан авто бөлшектер қоймасы өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 50 шаршы метр алаңда туындаған.
"ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына дереу жетіп, өртті сөндірді. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің екі қабатты ғимараттың қалған бөлігіне таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", делінген хабарламада.
Бұған дейін СҚО-да өрт сөндірушілер кейуананы ажалдан аман алып қалғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript