Депутат брендтік өнімдердің көшірмелерін сату заңсыз екенін айтты

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі түзетулерді талқылау кезінде Әділет министрінен брендтік өнімдердің көшірмелерін сататын дүкендерге қатысты шара қабылдауды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарақат Әбден Instagram платформасында бренд өнімдерінің көшірмелерін жарнамалау жиілеп кеткенін айтты.
"Сатушылар әйгілі брендтердің атауларын ашық қолданады және "егер сіз ресми дүкеннен емес, бізден сатып алсаңыз, миллиондаған қаржы үнемдейсіз" деп мәлімдейді. Сонымен қатар, контрафактілік өнімдер де тіркеліп жатыр. Сауда орындарында брендтік тауарлардың көшірмелері жиі кездеседі. Айтыңызшы, мұндай тауарларды жарнамалау және сату бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану болып есептеле ме? Өйткені бұл да зияткерлік меншік өнімі. Егер солай болса, неге мемлекеттік органдар көп жағдайда шара қолданбайды? Бұл саланы бақылауға алу жоспарда бар ма, қазір не жасалып жатыр? Мұндай өнімдер тәркілене ме?" – деп сауал қойды депутат.
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мұндай фактілер заң бұзушылық болып саналатынымен келісті.
"Жарнама жасау, әсіресе сату – бұл зияткерлік меншік құқықтарын бұзу. Егер құқық иесі осындай жағдай туралы шағым түсірсе, біз тексеру жүргіземіз. Өткен жылы мемлекет тарапынан бөтен тауар белгілерін пайдаланғаны үшін 300-ге жуық заң бұзушылық анықталды. Мемлекеттік органдар маркетплейстерде мұндай өнімдердің жарнамасын шектеу бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл салада бақылауды күшейту ұсынылуда", – деп түсіндірді министр.
Бұған дейін Қазақстанда білім беру саласындағы бәсекелестікті дамыту бойынша жол картасы бекітілгендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript