Жыл соңына дейін Алматы тұрғындарының 90%-ы су есептегішке көшеді

Кран с водой, вода, водоснабжение, система водоснабжения, отсутствие воды, отключение воды, раковина, горячая вода, холодная вода, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2025 10:03 Фото: freepik
Алматыда су есептеу жүйесін жаңғырту жұмыстары қарқын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев биылғы жылдың басты міндеті — алматылықтардың басым бөлігін су үшін есептегіш арқылы төлеуге көшіру екенін атап өтті.

"Жыл соңына дейін есептегішпен қамтуды 90%-ға жеткізу міндеті тұр", – деді қала әкімі.

Ол есептегіш орнатылғаннан кейін көптеген тұрғынның суды тұтынуға ұқыпты қарай бастағанын айтты.

Әкімнің айтуынша, бүгінде қалада қолжетімді әрі сапалы есептегіштерді ұсынатын 20 компания жұмыс істейді. Қазір есептегіш орнату бағасы жағынан да, қолжетімділік тұрғысынан да қиындық туғызбайды.

"Бізде су тұтынудың белгіленген нормасы бар. Егер сіз сол нормадан ассаңыз, жоғары тарифпен, аспасаңыз, қарапайым тарифпен төлейсіз", – деді әкім төлем есептеудің жүйесіне назар аудара отырып.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: