Талдықорғанда ыстық су өшіріліп, көшелер жабылады: жөндеу жұмыстары шілде айының соңына дейін жалғасады

Кран с водой, вода, водоснабжение, система водоснабжения, отсутствие воды, отключение воды, раковина, горячая вода, холодная вода, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2026 20:19 Фото: unsplash
Талдықорған қаласында жылу желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты ұзақ мерзімді шектеулер енгізіледі. Бұл туралы қалалық әкімдік баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, 30 сәуір күні Талдықорған қаласының Жансүгіров көшесінде (Ескелді би және Гагарин көшелерінің аралығы) Д-700 мм магистральдық жылу желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуіне байланысты "Ұлан", "Жетісу" шағын аудандары мен қаланың орталығындағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйлерде 30 сәуір мен 1 мамыр аралығында ыстық су уақытша тоқтатылады.

Сонымен қатар, жылу желілерін жаңғырту жұмыстарына байланысты 30 сәуір мен 30 шілде аралығында Ш. Уәлиханов көшесіндегі №183, 183А, 183Б, 195 тұрғын үйлерге ыстық су беру толық тоқтатылады.

Атап өтілгендей, 2 мамырдан бастап Жансүгіров көшесі бірінші кезеңде (Гагарин көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі аралықта) жабылады, қалған бөліктері жұмыстар толық аяқталғанға дейін кезең-кезеңімен жабылатын болады.

Әкімдік қала тұрғындарын жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысының уақытша талаптарын сақтауға шақырды.


Бұған дейін Петропавлда алкоголь өнімдерін заңсыз сату дерегі тоқтатылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: