Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесіне өзгерістер енгізді

Подписание законов, назначения, Акорда, резиденция Президента РК  , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2025 11:34 Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізген жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, келесілер атқаратын лауазымы бойынша Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады:

  • Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары
  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
  • Қазақстан Республикасының Көлік министрі
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
  • Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрі
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
  • Қазақстан Республикасы Президентінің экономика мәселелері жөніндегі көмекшісі және Кеңес жұмыс органының бірінші басшысы.

Комиссия құрамына Қазақстан тарапынан алты өкіл және шетел тарапынан алты өкіл кіреді.

Комиссияның Қазақстан тарапынан мүшелерi лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасы Президентiнiң экономика мәселелерi жөнiндегi көмекшiсi (Комиссия төрағасы), Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер, әдiлет, ұлттық экономика, өнеркәсiп және құрылыс, көлiк министрлiктерi басшыларының орынбасарлары, Кеңес жұмыс органының бiрiншi басшысы (Комиссия хатшысы) болып табылады.

Кеңестің жалпы отырысы екі сессиядан тұрады:

  • бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен ашық отырыс өткізіледі, оның барысында Кеңестің алдыңғы пленарлық отырысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы есеп, отырыстың негізгі тақырыбы талқыланады, тиісті министрдің және Кеңестің бірнеше мүшелерінің сөздері тыңдалады, сондай-ақ Кеңестің жұмыс топтарының жыл ішінде әзірленген ұсынымдары бойынша қорытынды баяндама тыңдалады;
  • Пікірталас сессиясы БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өтеді және әртүрлі мәселелерді еркін талқылауды, соның ішінде Кеңес мүшелерінің пікірлері мен ескертулерін алмасуын көздейді.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: