Орындықтан құлап, көзіне пышақ кіріп кеткен үш жасар баланың өлімі: іс неге жабылды

Петропавлдық полицейлер орындықтан құлап, көзіне пышақ кіріп кеткен үш жасар баланың қайтыс болуына байланысты қылмыстық істі тергеуді тоқтатты. Оған не себеп, толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Өңір ПД өткен жылдың 19 желтоқсанында Петропавл полиция басқармасына алдын ала мәліметтер бойынша, ас үйдегі жазатайым оқиға салдарынан көз жарақатын алған үш жасар баланың ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түскенін еске салды.
"Бала 2025 жылдың 28 ақпанында қайтыс болды. Осы факті бойынша "Абайсызда өлімге әкелу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2025 жылғы 15 сәуірде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды", – деп мәлімдеді СҚО ПД.
Еске салсақ, баланың анасы ұлының ас үйдегі орындықтан құлап кеткенін айтқан. Ол көзінен пышақты суырып алғанда, бала есін жоғалта бастаған. Ауруханада нәрестеге дереу реанимациялық шаралар жасалған, олар сәтті өтті. Дәрігерлер оның жүрек-өкпе қызметін қалпына келтірген, бірақ кейін бала комаға түсіп, екі айдан астам уақыт бойы оянбай, сол күйі қайтыс болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript