Шымкентте 10 жасар баланың үстіне ағаш бұтағы құлап көз жұмды
Сурет: freepik
Шымкенттегі Елшібек көшесіндегі көпқабатты үйлердің ауласында ағаштың бір бөлігі төртінші сынып оқушысына құлап түсті. Бала оқиға орнында қайтыс болды. Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін өңірдің ПД баспасөз қызметіне жүгінді. Толығырақ ақпаратта.
Өңір полициясы оқушының қайтыс болғанын растады.
Айта кетейік, өңірде дауылды ескерту жарияланды. Нөсер жаңбырдың арты қарға ұласып, оның салмаған көтере алмаған ағаш бұталары сынып түсуде. Желіде қала тұрғындары электр желілерінің үзілгені, енді бірлері электр қуаты өшіп қалғаны жайлы жазуда.
Әкімдік коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылғанын атап өтті.
Бұған дейін Астанада 12 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript